Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЦИОЛКОВСКИЙ АТЫНДАҒЫ №84 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЦИОЛКОВСКИЙ АТЫНДАҒЫ №84 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/sh84-shymkent.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Мектеп – халықтың рухани бесігі

 

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №84 жалпы орта білім беретін мектебі,  өшпес тарихымен, өзіндік құндылықтарымен ерекшеленеді.

Осы уақытқа дейін мектеп қабырғасынан үш мыңнан аса шәкірт қанат қақса, олардың арасында алтын белгі иегерлері мен үздік аттестат иегерлері де болашаққа қадам басқан.

Қазіргі таңда, мектеп қабырғасында 1260 шәкірт оқу үстінде. Жергілікті тұрғындардың көп ұлтты болуына байланысты, орыс сыныбымен қатар қазақ сыныбында өзге ұлт өкілдері екі тілде білім алуда. Олар: молдаван, күрді, әзірбайжан, орыс, өзбек, шешен, татар ұлтының ұрпақтары.

Бүгінгі таңда елді мекен аумағының кеңейуіне орай ұстаздарымыздың саны да оқушылармен қатар арту үстінде. Ұстаздардың сандық құрамы мен сапалық біліктілігі үйлесім тапқан. Оның ішінде педагог-зерттеуші-30 мұғалім; педагог-сарапшы-24 мұғалім; модератор-26 мұғалім; пеадагог санатты -16 мұғалім қызмет етуде.

Білікті ұстаздардан білім алған оқушыларымыз қалалық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жоба байқауларынан жүлделі орындарды иемденуде.

Жергілікті елді-мекеннен шыққан азаматтар мен мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан шәкірттер өз іні-қарындастарына қамқорлық танытып, түрлі іс-шараларда демеуші болуы мен қатар мектепке келіп олардың тәрбиесіне де үлес қосып отқан жайы бар. Ауылымыздың алқа би құрамы осы бағытта бірлесе жұмыс жасауда. Оқушылардың бойындағы адамгершілік құндылықтары мен қатар имандылық, жүректің тазалығын сақтауға түрткі болуда.

Мектепте оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында, олардың қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып қоғамдық пайдалы жұмыс ретінде 16 үйірме түрі құрылған. Спорт, би, шығармашылық, патриоттық, техника яғни барлық бағытта жұмыс жүргізіп отыр.  Мәселен «Балдәрен» би  үйірмесіне  86 оқушы қатысады, олар республикалық байқаулардың жеңімпаздары.

Барлық үйірмеге қатысып жүрген шәкірттер өз саласы бойынша жеңімпаз екені айдан-анық, себебі оларға бағыт беріп, жан-жақты тәрбиелеп білім беріп отырған ұстаздармен қатар ата-аналардың да үлесі бар.

2019 жылдан бері мектеп бюджеті жан басына қаржыландыруға өткен, материалдық базаны жаңарту жолында жұмыстар жүріп жатыр. Модификацияланған физика, химия, биология кабинеттері бар. Оқушылар информатика, технология кабиенттерінде өз шығармашылық жұмыстарын жүргізіп, оны дамыту үстінде.

Робототехника үйірмесі оқушылардың қызығушылығын арттыруда.

Оқушылардың рухаи жан-дүниесін байытуға, кітапхана қорында оқулықтар мен көркем әдебиеттер және электронды оқулықтар бар. Күнделікті оқу залына келіп дайындық жасауларына жағдай жасалған.

Ас адамның арқауы демекші, асханамызда 1-4 сынып оқушылары түгел ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Мектеп қалалық білім басқармасы, облыстық білім басқармасының келісуімен ұйымдастырылатын семинар-конференцияларды әрдайым өткізіп келеді. Мектепте «Самғау»  шығармашылық тобы жұмыс істейді. Шығармашылық топ мұғалімдері өзіндік мақсат-міндеттеріне сәйкес жұмыс атқарады. Топ мүшелері әдістемелік бірлестіктер бойынша іріктеліп, жинақталған.

Мектептің бүкіл жұмысын үйлестіруде кретивті, жаңашыл бағыт ұстанатын әкімшілік тарапы ұрпақ сабақтастығына қатты көңіл бөлген. Міне бұл, біздің мектеп.

Мектеп – жай ғана ғимарат емес, мектеп – бұл ұжым. Ал ұжымымыз достықты бағалайтын, бірлігі жарасқан, еңбекқор жандардан құралған. Заман мен білім берудегі талаптар өзгерсе де бір нәрсе өзгеріссіз қалды, ол оқушыларға деген шынайы мейірімді қарым-қатынас. Осы бір мейірбандылық пен құрмет тұту қасиеттері мектебіміздің ең басты байлығы.