Мектеп – халықтың рухани бесігі
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №84 жалпы орта білім беретін мектебі, өшпес тарихымен, өзіндік құндылықтарымен ерекшеленеді.
Осы уақытқа дейін мектеп қабырғасынан үш мыңнан аса шәкірт қанат қақса, олардың арасында алтын белгі иегерлері мен үздік аттестат иегерлері де болашаққа қадам басқан.
Қазіргі таңда, мектеп қабырғасында 1260 шәкірт оқу үстінде. Жергілікті тұрғындардың көп ұлтты болуына байланысты, орыс сыныбымен қатар қазақ сыныбында өзге ұлт өкілдері екі тілде білім алуда. Олар: молдаван, күрді, әзірбайжан, орыс, өзбек, шешен, татар ұлтының ұрпақтары.
Бүгінгі таңда елді мекен аумағының кеңейуіне орай ұстаздарымыздың саны да оқушылармен қатар арту үстінде. Ұстаздардың сандық құрамы мен сапалық біліктілігі үйлесім тапқан. Оның ішінде педагог-зерттеуші-30 мұғалім; педагог-сарапшы-24 мұғалім; модератор-26 мұғалім; пеадагог санатты -16 мұғалім қызмет етуде.
мектеп-лицейдің 4500-ден астам түлегі
олардың ішінде: ғалымдар, ұйымдардың басшылары
және мекемелер, бизнесмендер мен танымал музыканттар.


